«Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу» деген мағыналарды білдіреді. Ораза айт мейрамында жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайды. Осы орайда орталығымызға «А-Сталь» ЖШС басшысы Үскенбаев Марал Мұратханұлы келіп, 30 отбасына азық-түлік себетін табыстап, Айт мерекесімен құттықтады.

