
Шапағат – шаттық мекені
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Шапағат "әлеуметтік қызмет орталығы" 2012 жылдан бері әлеуметтік қызмет көрсетуде.
Он жыл бұрын күндізгі болу орталығында небәрі 60 қызмет алушы болса, бүгінгі таңда орталықта жоғары білікті медициналық көмек және арнаулы әлеуметтік қызметтердің барлық спектрі психоневрологиялық ауытқуы бар 270 қызмет алушыларға қызмет көрсетеді. Түрксіб ауданында №1 бөлімшеде – 60 қызмет алушыны, Алатау ауданында – 80 қызмет алушыны, Бостандық ауданында № 2, 3 бөлімшеде - 42 қызмет алушыны, Наурызбай ауданында №4 бөлімшеде –30 қызмет алушыны, Медеу ауданында 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көпсалалы оңалту орталығы 58 қызмет алушыны қамтып отырған орталықтың бес күндізгі болу бөлімшелері жұмыс істейді.
Қызметтердің барлық түрлері жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылады және мемлекеттің қамқорлығында Стандартқа сәйкес қызмет көрсетіледі. «Шапағат» орталығының негізгі мақсаты – балалар мен 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапалы және тиімді көрсету, қоғамға кіріктіру.
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер.
Орталықта қажетті жиһаздармен және мамандандырылған оңалту құралдарымен жабдықталған, бекітілген күнделікті мәзірге сәйкес қызмет алушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Мамандар қызмет алушыларды өздерін күтуге үйретеді, оларда қарапайым өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын дамытуда. Олардың қалыпты өмірге кешенді бейімделуі, күнделікті өмірде максималды тәуелсіздікке қол жеткізуі одан әрі әлеуметтенуге және қоғамдағы интеграцияға ықпал етеді.
Әлеуметтік-медициналық қызметтер - қызмет алушылардың жеке жай-күйін ескере отырып, олардың денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған медициналық көмектің толық көлемін алу. Қамқорлыққа алынған қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бойынша жан-жақты күтім және тиісті оңалту іс-шаралары ұйымдастырылады.
Қызмет алушыларға емдеу кабинеті, емдік дене шынықтыру залы жұмыс істейді, массаж жасап, оңалту және жалпы сауықтыру жұмыстары жүргізіледі.
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер Қызмет алушылардың эмоционалды, әлеуметтік және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға жағдай жасау және оның жеке қасиеттерін қалыптастыру мақсатында көрсетіледі.
Логопед мамандары оқыту мен тәрбиелеуде кешенді тәсілді қолданады, артикуляциялық моториканы дамыту, сөйлеу тілінде дыбысты айту жағын үйрету, есту қабілеті мен зейінін дамытуда жұмыс жүргізеді.
Дефектолог мұғалімі қызмет алушылардың танымдық процестердің деңгейін арттыру, мотивациялық мүмкіндіктерін арттыру, интеллектуалды ақауларды түзету, қоршаған әлем туралы түсініктерді, заттардың қасиеттерін қалыптастыру, ақыл – ой сана сезімін дамыту бойынша жұмыс жүргізеді.
Әлеуметтік-психологиялық қызметтерді көрсету барысында психолог маман стрессті жеңілдету, коммуникативтік саланы жақсарту, психологиялық қауіпсіздік, топтық және жеке психокоррекциялық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізеді. Жарық және қараңғы сенсорика бөлмелерінде баланы күйзелістен шығару үшін психологилық қолдау көрсетіледі.
Әлеуметтік-еңбек қызметтері: еңбекпен айналысу тірек-қимыл аппараты бұзылған қызмет алушылардың кәсіби бағдарлануы, еңбек процесінде қарым-қатынас қабілеттерін қалпына келтіру, жалпы іс-әрекетке қатысуды қалыптастыру. Мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбек қызметіне тарту. Еңбек терапиясының негізгі мақсаты-бұзылған функцияларды қалпына келтіру және дамыту, өзіне-өзі қызмет көрсетуге, қолөнер, еңбек істерін орындау арқылы қол-саусақ моторикаларын дамытады.
Әлеуметтік-мәдени қызметтер Қызмет алушылардың әрбір тыныс-тіршілікті мәнді-мағыналы өткізуі үшін, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Мұражайларға, циркке, хайуанаттар бағына, кинотеатрларға саяхаттайды. Қызмет алушылармен музыкалық және хореографиялық сабақтар музыка залында өткізіледі. Ертеңгіліктер, тақырыптық сабақтар өткізіліп, балалар шығармашылығының үйірме жұмыстары жалғасын табуда.
Әлеуметтік-экономикалық қызметтер мүмкіндігі шектеулі жандарға жеке оңалту бағдарламасы бойынша, қажетті көмекші құралдармен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар үлкен жұмыс атқарады.
Әлеуметтік-құқықтық қызметтер Ата – аналардың мұқтаждықтарына қарай, мекеменің заңгер маманы заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдеседі, құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетеді.
Орталық құрылғаннан бері, он жылдың көлемінде мейірімімен ынта – жігерін мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап, өздерін қиын, бірақ асыл жұмысқа арнаған қызметкерлерімізді ерекше атап өткім келеді. Олар:
Әкімшілік-шаруашылық жөніндегі меңгеруші - Жылқышина Сақып Жүнісқызы
Кадр жөніндегі инспектор - Төрегелды Айнагуль Торегелдықызы
Логопед - Анакулова Гульнафис Серікқызы
Мейіргер - Байтокаева Эльмира Исабекқызы
Логопед - Аширбекова Алтынай Хасанқызы
Дефектолог мұғалім - Сәдуақасова Айнұр Сәдуақасқызы
Орталығымызда ғылыми дәрежесі бар магистрлер, жоғары білікті педагогтар, медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер қызмет атқарады. Еңбектері еленіп, үкімет тарапынан марапаттарға да ие болды.
«Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығының директоры Алимбекова Нурзия Ағабекқызы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласынын үздігі» төсбелгісімен, Қазақ қоғамының қайраткері ұйымының шешімімен «Құрмет белгісі» төсбелгісімен марапатталды.
Директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Дильмуханова Гулнара Өмірқызы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және 30 жылдығына арналған төсбелгісімен марпатталды.
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Иманбаева Алтын Маданиятқызы, «Әлеуметтік-еңбек саласынын үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Байказакова Мақпал Тілепалдықызы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, Денсаулық сақтау министрлігі алғыс хатымен марапатталып, Қазақстанның алтын кітабына есімі жазылды.
Алимбекова Нурзия Ағабекқызы Педагогика ғылымдарының магистрі
Аширбекова Алтынай Хасанқызы Педагогика ғылымдарының магистрі
Ибраева Света Шегебайқызы Педагогика ғылымдарының магистрі
Жанпейсова Айман Еркасқызы Педагогика ғылымдарының магистрі
Болатбекова Інжу Паримбекқызы Педагогика және психология бойынша педагогика ғылымының магистрі
Тенгебаева Алтынгуль Акимовна – жоғары санаты бар невропатолог дәрігері
Шерипбаева Курбанай - жоғары санаты бар невропатолог дәрігері
Исабаева Галия Кыдырбаевна - жоғары санаты бар невропатолог дәрігері
Абдуллаева Гульбахрам Абдуаитовна - жоғары санаты бар реабилитолог дәрігері
Білікті де білімді мамандары бар, бірлігі жарасқан ұжымы бар Шапағат- шаттық мекені әрқашан қызметімізге мұқтаж жандарға адал қызмет етеді. Мерейлі мерекеміз құтты болсын.