Жаңару, ынтымақтастық пен жылулықтың мерекесі атанған бұл күні барша халық бір-бірін жыл басымен құттықтап, түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады. «Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ- де қазақтың салт-дәстүріне бағытталған іс-шаралар өтті. Педагог мамандар әжелер хорын құрып ән айтса, бала күтіміне жауапты қызметкерлер келін түсіріп, беташар салтын көрсетті.

