Домбыра күніне орай қызмет алушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында «Домбыраның үнінен, жадырайды жанымыз» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шарада Алатау дәстүрлі өнер театрының өнерпаздары өнер көрсетті. «Адай», «Көңіл толқыны», «Қос алқа күйлері» тартылып, домбыра үні арқылы музыкалық терапия жасады.

