Skip to content
Басты бет » Наурыз мейрамы – қазақ халқының көшпелі тұрмысының қуанышты кездерін бейнелейтін ұлық мереке. Қыстан аман шыққан халық айналасынан сүйінші сұрап, ұлан-асыр той жасап қарсы алатын болған.

Наурыз мейрамы – қазақ халқының көшпелі тұрмысының қуанышты кездерін бейнелейтін ұлық мереке. Қыстан аман шыққан халық айналасынан сүйінші сұрап, ұлан-асыр той жасап қарсы алатын болған.

Жаңару, ынтымақтастық пен жылулықтың мерекесі атанған бұл күні барша халық бір-бірін жыл басымен құттықтап, түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады.   «Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ- де қазақтың салт-дәстүріне бағытталған іс-шаралар өтті. Педагог  мамандар әжелер хорын құрып ән айтса, бала күтіміне жауапты қызметкерлер келін түсіріп, беташар салтын көрсетті.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *