Жыл сайын еліміздің көлемінде «Мектепке жол» атты республикалық акциясы өткізіледі. Бұл акция көптеген жеткіншекке шапағат нұрын себуде. Әлбетте, баланың қуанышы – қуаныштың төресі. Осы орайда «Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ №1, 3 бөлімшелерінің қызмет алушыларына демеушілер тарапынан оқу құралдары бар сөмкелер табысталды. «Мектепке жол» акциясы – қайырымдылықтың жарқын үлгісі.