Ойнау арқылы балалар айналасындағыларды, қоршаған ортаны танып-біліп, есте сақтау қабілетін арттырады, ойындағысын толық жеткізуді үйренеді. Сондай-ақ ойын олардың қиялына қанат бітіріп, алға жетелейді. Демек, ойын – жай ғана ермек не уақыт өткізу амалы емес, балалардың дұрыс өсіп-дамуында ерекше рөл атқаратын тәрбие құралы. Осы орайда, «Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ №1 бөлімшесінің қызмет алушылары AVATАRIYA, JUNGLE park ойын- сауық орталығына барып, түрлі ойындар ойнап қайтты.
