Skip to content
Басты бет » Мұрағат үшін Қыркүйек 3, 2024

Қыркүйек 3, 2024

Қос қуаныш

  Орталығымызда қуанышты жаңалық. Қызмет алушыларымыз Диханбаева Айзере 169 жалпы білім беретін орта мектептің 1 сынып оқушысы атанды және Әлімбай Жеңіс Алматы технология және флористика колледжінің студенті атанды. Қызмет алушыларымыздың ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа қабілеттерін ашуға бағытталған түзете-дамыту жұмыстарын жүргізген мамандарымызға ата- аналардың алғысы шексіз.… Read More »Қос қуаныш

Мектепке жол

Жыл сайын еліміздің көлемінде «Мектепке жол» атты республикалық акциясы өткізіледі. Бұл акция көптеген жеткіншекке шапағат нұрын себуде. Әлбетте, баланың қуанышы – қуаныштың төресі. Осы орайда «Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ №1, 3 бөлімшелерінің қызмет алушыларына демеушілер тарапынан оқу құралдары бар сөмкелер табысталды. «Мектепке жол» акциясы … Read More »Мектепке жол

Ата заңым -қорғаным

«Шапағат» әлеуметік қызмет орталығы» КММ Конституция күніне орай мерекелік іс-шара өтті. В КГУ «Центр социальных услуг «Шапагат» состоялось праздничное мероприятие, посвященное Дню Конституции.

Ғажайып әлем

Орталығымыздың қызмет алушыларына жергілікті цирк әртістері қойылымдарымен келіп, балалардың жүзіне күлкі сыйлады. Бұл сайқымазақтар шоуы балалардың  ең сүйікті қойылымы. Жаңа қойылым балаларды  ғажайыптар әлеміне саяхатқа жетеледі. Сондықтан балалар алған әсерін жасырмады.

Алматы Ботаникалық бағы

  Ботаникалық бақ – көз жауын алар, аралап рахат табар тамашалы орын. «Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ қызмет алушылары Алматы Ботаникалық бағы әкімшілігінің арнайы шақыртуымен бірнеше күн баққа саяхат жасады. Баланы табиғатпен таныстыру оларды дамытудың басты құралдардың бір түрі.